Коллекторлық агенттіктер борышкердің банктік шотын бұғаттауға құқылы ма?

Жарияланды
Коллекторлық агенттіктердің тізімін қайдан көруге болады?

Коллекторлық агенттіктердің борышкердің банктік шотын бұғаттауды жүзеге асыруға, сондай-ақ борышкерлердің шоттарына төлем талаптарын қою арқылы берешекті акцептсіз тәртіппен өндіріп алуға құқықтары жоқ. Бұл туралы fingramota.kz сайты мәлімдеді.

Банктік шоттарға тыйым салуды сот актілері негізінде және сот орындаушылары сот орындаушыларының қылмыстық-процестік заңнамада және атқарушылық іс жүргізу туралы заңда көзделген тәртіппен прокурор санкциялаған қаулылары негізінде ғана қолдана алады.

Банктік шотқа шектеулер қоюдың себептерін анықтау үшін борышкерлердің және шығуға уақытша шектелген борышкерлердің бірыңғай тізілімі арқылы өз деректеріңізді тексеру немесе шот ашылған банкке жүгіну қажет.

 Коллекторлық агенттіктердің тізімін қайдан көруге болады?

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде есептік тіркеуден өткен коллекторлық агенттіктердің тізілімімен Агенттіктің ресми интернет-ресурсындағы «Құжаттар» бөлімі арқылы таныса аласыз.

Сондай-ақ оқыңыз