Кредиттер бойынша «оңалтылған» мәртебесін қалай алуға болады

Жарияланды
Азаматтар мемлекеттік кредиттік бюроға жүгіне алады

Қаржылық қызметтерге қолжетімділікті қалпына келтіру мақсатында ағымдағы жылғы 9 сәуірден бастап Агенттік кредиттік тарихы нашар және проблемалық берешекті қайта құрылымдауды қажет ететін қарыз алушыларды оңалту тетігін енгізді.Бұл туралы fingramota.kz сайты мәлімдеді.

Оңалту тетігі қарыз алушыға кредиттік бюролар жүйесінде «оңалтылған» мәртебесін беруді көздейді. Бұл мәртебе азаматтың банктер мен басқа да кредиторлар алдындағы өз міндеттемелерін адал орындағанын растау болып табылады.

Мәртебе алу үшін қандай да бір құжаттарды ұсыну талап етілмейді, рәсімді кредиттік бюро мерзімі өткен борышты өтегеннен кейін 12 ай өткен соң және осы кезеңде өзге мерзімі өткен берешек болмаған кезде жүргізеді.

Егер қарыз алушының мерзімі өткен берешегі толық емес, ішінара өтелген болса, банктер кейіннен неғұрлым ыңғайлы өтеу кестесімен оңалту жоспарын жасау үшін әрбір осындай қарыз алушымен оның төлем қабілеттілігін бағалау бойынша жеке жұмыс жүргізетін болады.

Тиісінше, мұндай қарыз алушылар «оңалтылған» мәртебесін алу оңалту жоспарын орындаған жағдайда және соңғы 12 айда өзге мерзімі өткен берешек болмаған кезде мүмкін болады. Бұл қызмет тегін көрсетіледі. Мәртебесін тексеру үшін азаматтар мемлекеттік кредиттік бюроға жүгіне алады.

Сондай-ақ оқыңыз