Мемлекеттік еңбек инспекторлары 8 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

Жарияланды
Жалпы 1 млрд 371 млн теңгеден астам сомаға жалақы берешекті анықтады

Ағымдағы жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 412 кәсіпорнында 8,9 мың жұмыскердің алдында 1 млрд 371 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.    

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындалуы міндетті 426 нұсқама беріліп, 44,4 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 8 мыңнан астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1 млрд 236 млн теңге төленді.

Сондай-ақ оқыңыз