Зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұрады: Мемлекеттік зейнетақы жоспары және міндетті жинақтаушы зейнетақы жоспары, міндетті кәсіптік зейнетақы жоспарлары, ерікті жоспарлар. Бұл туралы « БЖЗҚ» АҚ-ның ресми телеграм-арнасы хабарлады.
Данияның мемлекеттік зейнетақысы өмір бойы беріледі. Зейнетақының жалпы мөлшері зейнеткердің жеке табысы мен оның отбасылық жағдайына байланысты болады.
Мемлекеттік зейнетақы алудың негізгі шарттарының бірі – елде 40 жыл тұру
Зейнетке 66 жаста шығады, зейнеткерлік жас 2019 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңде біртіндеп 69 жасқа дейін ұлғаяды
Кәсіптік зейнетақы жоспарлары – салалық деңгейде ұжымдық шарттар негізінде белгіленген жарналары бар жинақтаушы зейнетақы жоспарлары. Қызметкерлер жарналарының мөлшерлемесі қызметкерлердің табыс деңгейіне байланысты 10%-дан 18%-ға дейін өзгеріп отырады.
Дания азаматы зейнетақы қорымен немесе банкпен жеке зейнетақы шартын жасай алады.