Мұғалімге гүл сыйлау жемқорлық па

Жарияланды
Нақты ажырата білуіміз керек

Мұғалімге гүл сыйлау жемқорлық ретінде санала ма? Бұл сұраққа ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді, деп жазады ҚР Білім және ғылым министрлігінің Telegram каналы. 

   «Мұғалімдерге гүл сыйлау жемқорлық деп саналады… Олай санайтын кім? Біз оны жемқорлық деп есептемейміз. Сондықтан да ненің жемқорлық, ненің жемқорлық емес екендігін нақты ажырата білуіміз керек. Бала бірінші сынып табалдырығын аттаған кезде ұстазына гүл сыйласа, бұл жемқорлық емес», – деді Асхат Аймағамбетов.

 

Сондай-ақ оқыңыз