Вакциналау басталғаннан кейін әлемде 9 жаңа миллиардер пайда болды
Вакциналау басталғаннан кейін әлемде 9 жаңа миллиардер пайда болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Олардың жиынтық пайдасы $19,3 млрд құрайды. Кейбір деректер бойынша бұл табыс деңгейі төмен елдердің халқын екпемен қамтуға жеткілікті болар еді. Ең көп табыс тапқан Мoderna және BioNTech басшылары.
Сонымен қатар миллиардерлер тізіміне келесілер кірді:
иммунолог және Мoderna инвесторы Тимоти Спрингер ($2,2 млрд.)
Moderna Директорлар кеңесінің төрағасы Нубар Афеян ($1,9 млрд.)
Moderns вакциналары үшін қаптама дайындайтын Rovi компаниясының төрағасы Хуан Лопес-Белмонте ($1,8 млрд.)
ғалым және Modern инвесторы Роберт Лангер ($1,6 млрд.)
қытайлық CanSino Biologics фармацевтикалық компаниясының құрылтайшысы және бас ғылыми қызметкері Чжу Тао ($1,3 млрд.)
CanSino Biologics компаниясының құрылтайшысы және аға вице-президенті Цю Дунсу ($1,2 млрд)
СanSino Biologics компаниясының құрылтайшысы және аға вице-президенті Мао Хуайхуа ($1 млрд).