Қор салымшылары зейнетақы жинақтарының бір бөлігін компанияларға инвестициялық басқаруға бере алады
БЖЗҚ салымшылары өздерінің зейнетақы жинақтарының бір бөлігін жеке басқарушы компанияларға инвестициялық басқаруға бере алады. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
Нені білу керек?
1.Аударым сомасы салымшының БЖЗҚ-дағы нақты зейнетақы жинақтарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының ең аз жеткіліктілік шегі арасындағы айырмадан аспауы тиіс
2.Зейнетақы жинақтарын бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) аударға болады, бұл ретте жинақтарды бір ИПБ-дан екінші ИПБ-ға сенімгерлік басқаруға жылына көп дегенде бір рет қана беруге болады
3.Аударымға өтінішті Қор бөлімшелерінде немесе enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте беруге болады
4.Жинақтарды ИПБ-ға аудару өтініш түскен күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Жинақтың қалған бөлігін басқаруды Ұлттық Банк жалғастырады
5.Мәлімделген соманы ИПБ-ға аударған сәтке дейін enpf.kz сайтындағы Жеке кабинетте немесе Қор бөлімшесіне барып өз өтінішінің күшін жоюға болады
6.ИПБ инвестицияларды басқару үшін ақы алуға құқылы. ИПБ үшін сыйақының барынша көп мәні алынған инвестициялық кірістің 7,5% -нан аспауы керек
7.ИПБ -да сенімгерлікпен сақталған зейнетақы жинақтарын Ұлттық Банктің сенімгерлік басқаруына ИПБ-ға алғашқы аударудан кейін екі жылдан ерте емес мерзімде қайтаруға болады
8.Зейнетақы жинақтарын ИПБ басқаруына аудару кезінде мемлекеттік кепілдік басқарушы компанияның зейнетақы активтерінің ең төменгі кірістілігін қамтамасыз ету кепілдемесімен ауыстырылады.
9.Cалымшы зейнеткерлік жасқа толғанға дейін 10 күнтізбелік күн бұрын салымшының жинақталған зейнетақы қаражаты Ұлттық Банктің инвестициялық басқаруына қайтарылады.