Қытайда марафон кезінде 21 адам қаза тапты

Жарияланды
Ультрамарафон кезінде ауа райының күрт нашарлауынан

Қытайдың солтүстік-батысында Ганьсу провинциясында ультрамарафон кезінде ауа райының күрт нашарлауынан 21 адам қайтыс болды, деп хабарлады  Анадолу сайты жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасап.

Синьхуа жаңалықтар агенттігі марафонның биіктік кезеңі өткен аймаққа қатты жел мен бұршақ соққанын хабарлады.

Қатты суыққа байланысты қатысушылар физикалық қолайсыздықты сезінді, дене қызуы төмендеді. Жарыс уақытша тоқтатылды. Жергілікті билік хабар-ошарсыз кеткендерді іздеуге 700 құтқарушыдан тұратын топ жіберді.

Марафонға барлығы 172 адам қатысты, оның 151-і алыстан эвакуацияланды, олардың жағдайы тұрақты деп бағаланады.
 

Сондай-ақ оқыңыз