Шығыс Қазақстан облысында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді 1,3 мыңнан астам адам алды
Жарияланды
Олардың 502-сі – 14 жасқа дейінгі балалар
Шығыс Қазақстан облысында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді 1,3 мыңнан астам адам алды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында кенеге қарсы өңдеу шараларымен аудандардың 97,5% қамтылған.
Облыстың эндемиялық аумақтарында кене шаққан 1494 адам жүгінген. Олардың 502-сі – 14 жасқа дейінгі балалар.
Аурудың алдын алу мақсатында кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулинді кене шағудан зардап шеккен 1320 адам алды.