Шығыста елеусіз жатқан шағын қала

Жарияланды (жаңартылды )
Биыл Шемонаиха 255 жылдығын атап өтеді

«Курсив» пен «Шеврон» компаниясының «Нағыз Қазақстан» жобасы аясында жарияланған кезекті материал  Шемонаиха ауданының қазіргі жай-күйі мен болашағы, көптен күткен спорт кешені құрылысы және осы ауданда туып-өскен жазушы, «Тени исчезают в полдень» романының авторы жайлы әңгімелейді.

Редакциядан: Жоба авторының пікірі немесе қалада болып жатқан қандай да бір үрдіске берген субъективті бағасы редакцияның немесе «Шеврон» компаниясының пікірін білдірмейді.

1928 жылы құрылған Шемонаиха ауданының тарихы 1766 жылы Үбі өзенінің жағасында алғаш қоныстанған Шемонаевтан әулетінің тарихымен тығыз байланысты. Кейіннен бұл қоныс жұмысшы кентіне айналды ал 1961 жылы ол ауданның әкімшілік орталығы болып, қала мәртебесін алды.

istoriya-goroda-v-vko,-o-kotorom-vy,-skoree-vsego,-nikogda-ne-slyshali (8).jpg
 Шемонаихадағы көпір

Аудан халқының саны 40 мыңнан асады, соның ішінде 18 мыңы – қала тұрғындары.

istoriya-goroda-v-vko,-o-kotorom-vy,-skoree-vsego,-nikogda-ne-slyshali (3).jpg

Қала базары

istoriya-goroda-v-vko,-o-kotorom-vy,-skoree-vsego,-nikogda-ne-slyshali (4).jpg
Қала көшелері

Шемонаиха – тұрғындары жылы шырайлы, өзі әдемі, шағын қала. 2019 жылы қаланың бірнеше орталық көшесіне жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл газ шаруашылығын сақтап қалған Шығыс Қазақстандағы санаулы қаланың бірі болар, бәлкім. Елді мекенде 3 500-ге жуық үй бар, соның 173-і – көпқабатты үй. Тұрғын үйлерді жылумен «Востокэнерго» ЖШС қазандығы қамтамасыз етіп тұр. Қазандық өнеркәсіп және тау-кен саласы кәсіпорындары орналасқан Шемонаиха және Усть-Таловка кентінде орналасқан барлық объектілерді жылытады. Сондай-ақ орталықтандырылған сумен жабдықтау және су тарту жүйесі бар.

Қала мақтанышы

Жергілікті көрнекі орындардың бірі –– 1973 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан тарихи-өлкетану музейі. Жайлы ғимаратта орналасқан шағын музейдің жеті зал бар.

istoriya-goroda-v-vko,-o-kotorom-vy,-skoree-vsego,-nikogda-ne-slyshali-18.jpg

Тарихи-өлкетану музейі орналасқан ғимарат

Қазақ этнографиясы залында қазақ халқының тұрмыс-салты, мәдениетінен сыр шертететін ондаған экспонат орналасқан. Киіз үй керегесі тартылып, ыдыс-аяқ, жиһаз мен тұрмыстық заттар қойылған. 

istoriya-goroda-v-vko,-o-kotorom-vy,-skoree-vsego,-nikogda-ne-slyshali (5).jpg
Қазақ этнографиясы залы 

Мұнда музыкалық аспаптар, ұлттық киім-кешек пен әшекейлер  қойылған жеке бұрыш бар. Мұражай қызметкерлері өз күшімен көшпенді қазақ халқының тұрмыс-салтынан сыр шертетін интерьер жасауға тырысып жүр. Соңғы рет ұлттық оюмен өрнектелген екі сандық алынған. 

Осыдан екі жыл бұрын  бұл музейде «Тени исчезают в полдень» және «Вечный зов» романдарының авторы Анатолий Ивановтың 80 жылдығына орай, арнайы зал ашылған. Бір қызығы, соғыстан кейінгі жылдары мұражай ғимаратында Анатолий Иванов оқыған мектеп орналасқан екен.

istoriya-goroda-v-vko,-o-kotorom-vy,-skoree-vsego,-nikogda-ne-slyshali (6).jpg

Музейдің бұл залында 300-ге жуық экспонат қойылған, оның ішінде жазушының кітаптары, қолжазба, фотосуреттер, жеке заттары, тіпті мектеп кезіндегі  күнделігі бар.

istoriya-goroda-v-vko,-o-kotorom-vy,-skoree-vsego,-nikogda-ne-slyshali.jpg

Шемонаиха тарихи-өлкетану музейінің директоры Наталья Дубинчиктің айтуынша, бір қабырғаға жинақталған фотосуреттер жазушының өмірі және шығармашылық жолын толық ашады. 

istoriya-goroda-v-vko,-o-kotorom-vy,-skoree-vsego,-nikogda-ne-slyshali-95.jpg

Шемонаихада 2008 жылы Анатолий Ивановқа ескерткіш койылды.

istoriya-goroda-v-vko,-o-kotorom-vy,-skoree-vsego,-nikogda-ne-slyshali_0.jpg
 

Ал 2009 жылы жазушының «Тени исчезают в полдень» романының бас кейіпкері құрметіне «Мария құзы» ескерткіші ашылған. Қалаға келген туристер ең алдымен осы ескерткішті көруге асығады. 

Тарихи-өлкетану музейінің археология, тарих, табиғат және көрме залдарында көптеген қызық эскпонат тамашалауға болады. 

Спорт кешені және ферма

Құрылысы аяқталып қалған жаңа екі қабатты дене шынықтыру-сауықтыру кешені шемонаихалықтарға тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай тартылған ерекше сый болғалы тұр. 

istoriya-goroda-v-vko,-o-kotorom-vy,-skoree-vsego,-nikogda-ne-slyshali-94.jpg

Бұған дейін қала тұрғындары бос уақытын өткізіп, спортпен, интеллектуалды ойындармен айналысатын спорт нысаны болған емес.

ДСК алаңы 1 200 шаршы метрді құрайды. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің бірінші қабатында футбол, волейболға арналған үлкен ойын залы болады. Екінші қабатта бокс, күрес залы және жекпе-жек залы орналасқан. Сондай-ақ жеке теннис және жаттығу залы, шахмат ойнайтын бөлме болады. Киім ауыстыратын бөлме, душ, медициналық пункт қарастырылған.

Оған «Жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында бюджеттен 340 млн теңге бөлініпті. Тапсырыс беруші – Шемонаиха қаласының құрылыс бөлімі. Бас мердігер – «Алаш Құрылыс»  ЖШС.

Құрылыстың шамамен 80 пайызы аяқталған. Қазір ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 
istoriya-goroda-v-vko,-o-kotorom-vy,-skoree-vsego,-nikogda-ne-slyshali-93.jpg

Қажетті керек-жарақтың бәрі сатып алынған. Құрылысшылар бұл ғимарат жүріп-тұруы қиын жандардың қоғалысына ыңғайлы етіп салынғанын айтады.
 
 Ал «Рулиха» ЖШС  Шемонаихаға жақын маңда сүт фермасын салып жатыр. Бұған дейін Рулиха ауылында өндірістік және әкімшілік ғимарат, гараж, сиыр мен жас торпақтарды қамайтын қора салған.  

2020 жылдың желтоқсан айында фермаға 330 бас ірі қара әкелінген. Шаруалар бұл ет пен сүтті молынан беретін ірі қара деп отыр. Мал басын жыл соңына дейін 600-ге дейін жеткізу жоспарда бар. Содан кейін сүт фермасы кешенінің екінші кезегі құрылысын бастау жоспарланған.  Тағы 1000 бас ірі қара сиятын өндірістік кешен салынбақ. 

Фермада 24 адам жұмыс істейді. Кешен 16 гектар аумақты алып жатыр. Қажетті құрал-жабдық толық орнатылмаса да, пандемия кезінде «Рулиха» ЖШС-де құрылыс  жұмыстары тоқтаған жоқ дейді. Қажетті етті-сүтті ірі қара сатып алынып жатыр. 

Жұмыс бар, тек еңбек ету керек 

Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Альбина Самойлованың айтуынша, Шемонаиха ауданында барлығы 2 055 шағын және орта кәсіпкер тіркелген. Оның ішінде заңды тұлғалар – 192, жеке кәсіпкерлер – 1576, 287 шаруа қожалығы бар.

Аудан бюджеті соңғы үш жылда айтарлықтай өсіпті. Кіріс 2019 жылы – 5,7 млрд теңге, 2020 жылы – 9 млрд теңге, 2021 жылдың үш айында – 7,4 млрд теңге болған.

Аудан пайдалы қазбаларға бай, мұнда зауыт, кеніш, карьерлер жұмыс істейді. Сондықтан Шемонаиха ауданының тұрғындары жұмыс жоқ деп шағымданбайды. Жергілікті кәсіпорындарда жұмыс істейтін жұмысшылар жалақы  120 мың теңге және одан жоғары екенін айтады.

2021 жылдың үш айында  аудандағы өнеркәсіп саласында жалпы құны – 19,9 млрд теңгенің, тау-кен саласында 13,5 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Өңдеу өнеркәсібіндегі өндіріс көлемі 5,6 млрд теңгені құраған.

Аудан экономикасында агроөнеркәсіптік кешен де маңызды рөл атқарады. Ауыл тұрғындары мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығымен айналысады.

Аудан әкімдігінің мәліметінше,  биыл үш айда ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 2,3 млрд теңгені құраған, оның ішінде мал шаруашылығы саласының өнімі  – 2,1 млрд теңге. Барлығы 1 мың тонна ет, 8,5 мың тонна сүт, 1 504 мың дана жұмыртқа өндірілген. 

«Соңғы уақытта кәсіпкерлер халықтан сүт жинаумен айналыса бастады. Тек Каменев ауданында сүт қабылдайтын үш пункт бар, олар сүтті жинап, өндірушілерге тапсырады. Ауыл халқы мен сүт-тауар фермаларынан жиналған сүттің бір бөлігі Павлодарға, «СҮТ» АҚ-на кетеді. Зауыт сүт құятын ыдыстарды өзі береді. Жалпы, сүт және сүт өнімдерін өткізуде проблема жоқ. Халықтан жиналатын сүт майлылығына, сапасына байланысты 80-115 теңге аралығында сатып алынады» дейді ШҚО, Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Руслан Махмудов.

Өсімдік шаруашылығына келетін болсақ, биыл егістіктіктің басым бөлігіне дәнді дақылдар (56%), мен майлы дақылдар  (35,2%) егілген, картоп және басқа да көкөніс 1 пайызды құрайды. Шаруалар бидай, күнбағыс, рапс, қарақұмық, көпжылдық шабындық өсіреді. 

Шаруалар  қазіргі кезде репродукция  және үшінші сыныпты тұқымнан  жаппай бас тартып, элиталы тұқым сатып алып, сепкенді жөн көреді. Жергілікті әкімдіктің хабарлауынша, 2021 жылғы егіс барысында 15,4 мың тонна тұқым себілген, оның ішінде  11,4 мың тонна тұқым сапасы тексерілген. Талдау нәтижесі оның 9,7 мың тоннасы 1-ші және 2-ші сыныпты тұқым екенін көрсеткен. 

Жергілікті тауар өндірушілердің есімі облыс қана емес, республика көлемінде де танымал. Соның ішінде «Камышинское» ШҚ және «Выдрихинское» ЖШС-ны ерекше атауға болады, олар мал шаруашылығымен де, өсімдік шаруашылығымен де айналысады. Біріншісі – сүт өндірісі, екіншісі егіншіліктен ешкімге дес бермей келеді. Тағы бір кәсіпорын – «Востоксельхозпродукт» ЖШС май тұқымдастары өңдеу мен өсімдік майын өндіруде отандық нарықта ойып орын алады. Ауданда өз тарихында жетістікке жеткен өзге да ауылшаруашылық құрылымдары аз емес.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге ауданға 3 185 тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінген.

2021 жылдың басынан Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 144 млн теңгеге 3 бірлік өздігінен жүретін техника сатып алған.

Айта кетейік, ауданда жұмыс күші жетіспейді,  атап айтқанда ветеринар, механизаторлар керек.Шаруа қожалықтарының басшылары жұмысшыларға баспана, жақсы жалақы беруге дайын болғанымен, мұндай жұмыс істегісі келетіндер көп емес.
 

Сондай-ақ оқыңыз