Жаңалықтар

Израиль пандемияға қатысты енгізілген барлық шектеулерді алып тастайды

Маусымнан бастап

Еуропа коронавирустық инфекцияға қарсы иммундау қарқынын арттыруды жалғастыруда. Covid-19-ға қарсы кемінде бір екпе жасаған Еуропалық одақ тұрғындарының үлесі 40% жақындап келеді. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

 ЕО елдерінің азаматтары КВИ вакцинациясын пандемияны жеңудің жалғыз мүмкіндігі ретінде қабылдады. Статистикаға сәйкес, сәуір айының басында бұл көрсеткіш 15,9% құраса, мамыр айында ол 39,6% жетті. Еуроодақ елдерінің вакцинация бойынша көш бастап тұрған мемлекеттерінің алғашқы бестігінде Мальта (60%), Венгрия (58%, Финляндия (48%), Кипр (46%) және Бельгия (45%) бар.

Израиль, маусымнан бастап, пандемияға қатысты енгізілген барлық шектеулерді алып тастайды. Ал, шетелден келген туристер үшін шектеулер күшін жоймайды. Тіпті бұл ретте инфекцияның жаңа штаммдарының әкелінуіне жол бермеу және вирустың елде таралуын болдырмау үшін күшейтілуі мүмкін. Мейрамханаларға, барларға және спортзалдарға тек вакцинацияланған немесе «жасыл төлқұжаты» бар аурудан айыққан азаматтардың кіруіне рұқсат етіледі. 

Германияда коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар санының тәуліктік өсімі біртіндеп төмендеуде. Ауруға шалдықққандар санының азаюы жоғары деңгейде болмағанымен, тұрақты динамиканы көрсетіп келеді. 
Өткен тәулікте аталмыш көрсеткіш 2 682 жағдайды құрады. Жалпы, пандемия жарияланғаннан бері ГФР-да коронавирустық инфекцияның 3 651 640 жағдайы анықталған. Соңғы 24 сағат ішінде 43 науқас қайтыс болды. Індеттен болатын өлім-жітімнің жалпы саны 87 423 оқиғаға жетті. Соңғы 7 күнде 100 000 тұрғынға шаққанда инфекцияны жұқтырудың 62,5 мың оқиғасы тіркелді. Бір күн бұрын бұл көрсеткіш 64,5 мыңды, ал бір апта бұрын – 83,1 мыңды құраған болатын.