Түркістанда жаңа заманауи кинотеатр ашылды

Жарияланды
Кинотеатр іші ұлттық нақышта әсемделген

Түркістанда «Khanshayim Plaza» сауда орталығында Kinopark компаниясының заманауи кинотеатры ашылды. Бұл туралы 24.kz сайты хабарлады.

 «Turkistan Kinopark 4» – бұл 446 көрерменді бір уақытта қабылдай алатын облыс аумағындағы бірегей орын. Заманауи жабдықтар, жаңа мүмкіндіктер қала халқын қуанышқа бөледі. 

Бұл кинотеатр барлық соңғы әлемдік стандарттарға сай салынған. Біздің акциялармен келсеңіз мың теңгеден де билеттер бар. Бізде барлық адамға қолайлы бағамен киноға келуге болады. Бұл туралы  KINOPARK-KINOPLEXX театрларының басқарушы директоры Әбдірашид Рахметов мәлімдеді.

 «Қалада бұрын-соңды мұндай кинотеатр болмаған. Қазір ашылды. Біз өте қуаныштымыз.  Жаңа кинотеатрда 4 жайлы зал бар. Олар бейнелеу мен дыбыс саласындағы ең озық технологиялармен жабдықталған. Ерекшелігі мұндағы барлық орындық, тіпті кілемдер де қазақтың ою-өрнектерімен безендіріліп, ұлттық нақышта әсемделген»- деді қала тұрғыны Лашын Жүнісова.

 

Сондай-ақ оқыңыз