Үндістанда індеттен қайтыс болғандар саны 300 мыңнан асты

Жарияланды
Бір күнде 4 454 адам көз жұмды

Үндістанда коронавирустың жаңа түрінен (COVID-19) қайтыс болғандар саны 300 мыңнан асты. Бұл туралы Анадолу сайты.

Үндістан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, COVID-19 салдарынан өлім-жітімнің күн сайынғы өсуі елде 4 454 құрады. Пандемия басталғаннан бері Оңтүстік Азия елінде қауіпті вирустың салдарынан 303 720 адам қайтыс болды.
Коронавирустық инфекцияның жалпы саны 26 752 447-ге жетті.

Сарапшылар өлім мен сырқаттанушылықтың күн сайынғы өсуінің нақты қарқыны жоғары болуы мүмкін деп санайды.

Сонымен қатар, 16 қаңтарда басталған халыққа вакцинациялау бағдарламасы аясында Үндістанда 196 051 962 доза вакцина қолданылды.

Үндістанда 1,4 миллиардқа жуық халық тұрады.

 

Сондай-ақ оқыңыз