Анадолу агенттігінің хабарлауынша, маңызды заттары бар жүк көліктері Түркияның Хатай провинциясының Рейханлы аймағына келді, сол жерден олар Сирияның солтүстік-батысына Джильвегезю бекеті арқылы жеткізілді.
Гуманитарлық көмек Идлиб пен оның айналасындағы мұқтаждарға бөлінеді.
Сириядағы соғыс 2011 жылы наурызда басталды, сол кезде бейбіт наразылық қарулы қақтығысқа ұласып, әскерилер демонстранттарға оқ жаудырды.
БҰҰ мәліметтері бойынша, қақтығыс кезінде 400 мыңнан астам адам қаза тапты, 10 миллионнан астам адам өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр болды, 4,8 миллион адам елден тыс жерлерде паналады.