Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен азаматтар зейнетақы төлемдерін қалай ала алады

Жарияланды
БЖЗҚ-ға құжаттар топтамасын тапсыру

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін ала алады. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты зейнетақы төлемдерін алу үшін мыналар қажет:

1 Заңда белгіленген тәртіппен тұрақты тұруға кетуді ресімдеу,
2 БЖЗҚ-ға құжаттар топтамасын тапсыру.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге рұқсатты ресімдеу мақсатында Қазақстан Республикасындағы соңғы тұрғылықты жері бойынша ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің аумақтық бөлімшесіне немесе халықтың көші-қоны саласындағы реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган ретінде ҚР ІІМ-ге жүгіну қажет.

Шетелге тұрақты тұруға  рұқсатты ресімдеу кететін азаматтың Қазақстан Республикасының аумағында орындалмаған міндеттемелерінің жоқтығын растауы үшін қажет.

Өтініш берушіде «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік Деректер базасында «ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты ҚР уәкілетті органы берген құжаттардың жарамсыздығы туралы» мәліметтер болған жағдайда ғана БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін жүргізуге құқылы. Мұндай жағдайларда зейнетақы жинақтарын төлеу 10 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Егер кететін азамат алдымен басқа елдің азаматтығын рәсімдеп, содан кейін ҚР консулдығына Қазақстан Республикасы азаматының паспорты мен жеке куәлігін тапсырса, онда «Жеке тұлғалар» Мемлекеттік Деректер базасына «Азаматтығынан айырылуына байланысты ҚР уәкілетті органы берген құжаттардың жарамсыздығы туралы» мәліметтер енгізілетін болады. Алайда  мұндай белгімен БЖЗҚ зейнетақы жинақтарын төлеуді жүзеге асыруға құқылы емес.

ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты төлемге өтінішті орындаудан бас тартуды болдырмау үшін ең алдымен, көші-қон қызметі бөлімшелері арқылы міндетті түрде шығуды ресімдеу және осыдан кейін ғана басқа елдің азаматтығын ресімдеу қажет.

Барлық құжаттар пакетін, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптарды, сондай-ақ, өтініш бланкілері мен оларды толтыру үлгілерін төлем валютасының түріне қарай, сенімхат үлгілерін Сіз enpf.kz «БЖЗҚ» АҚ ресми сайтының «Қызметтер» бөлімінен таба аласыз.
 

Сондай-ақ оқыңыз