Бразилияда коронавирустың жаңа штаммы табылды

Жарияланды
Оның қайдан шыққаны әлі де белгісіз

 Бразилияда коронавирустың жаңа штаммы табылды, оның қайдан шыққаны әлі де белгісіз. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

COVID-19 мутациясы Сан-Паулу штатының Итирапина қаласында анықталған. Бұл туралы бразилиялық вирусологтар қауымдастығының вице-президенті Джоау Пессоа Араужу мәлімдеді. Коронавирустық инфекцияның жаңа нұсқасы P. 4 деп белгіленді, ол Манаус қаласында табылған P. 1 штаммымен ұқсас. Жаңа штаммның «қалыпты» вирусқа қарағанда тез жұғатыны-жұқпайтыны, оның  қауіпті немесе қауіпті еместігін әзірге түсіну қиын. Бұған дейін Сovid-19 амазониялық штаммының (P. 1) коронавирустық инфекция індетіне қарсы қалыптасқан иммунитетті әлсірете алатындығы туралы хабарланған болатын.

Екінші буындағы коронавирусқа қарсы алғашқы екпелер осы жылдың аяғына дейін мақұлдануы мүмкін.Мұндай мәліметтерді Германияның VFA зерттеу фармацевтикалық компанияларының қауымдастығы келтіреді. Кейбір өндірушілер мен институттар вакциналар мен вакцинация схемаларын әзірлеу үстінде. Аталмыш екпелер Sars-CoV-2 вакцинасының жаңа нұсқаларымен салыстырғанда тиімдірек болуы тиіс. Олардың вирустан қорғау қабілеті күштірек болмақ. Қазіргі таңда пероральді вакцинацияға арналған препаратты әзірлеуге Европадағы атақты Вюрцбург университеті де қатысуда. 

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қарулы қақтығыстар көптеген елдерде коронавирустың таралуына қарсы күресті жүргізуге және науқастарға көмек көрсетуге кедергі келтіретіні айтылды. БҰҰ-ның пандемия кезінде атысты тоқтату туралы үндеуіне қарамастан, көптеген қарулы қақтығыстар, әсіресе Сирия, Йемен, Конго, Палестина елдеріндегі ұрыстар жалғасуда. Осының кесірінен  мыңдаған бейбіт тұрғындар медициналық көмексіз қалып жатыр. 

 «Қауіпті жағдай, санкциялар мен терроризмге қарсы шаралар гуманитарлық операцияларға кедергі келтіреді», – делінген БҰҰ-ның мәлімдемесінде. 

 

Сондай-ақ оқыңыз