Бірқатар елдерден ұшуға тыйым салуға байланысты Беларуссияның Belavia авиакомпаниясы 2021 жылдың 27 мамырынан 30 қазанына дейін Еуропаның 11 қаласына рейстерін тоқтатады, деп хабарлады Анадолу агенттігі компанияның сайтына сілтеме жасап.
Варшава, Милан, Амстердам, Рим, Франкфурт, Берлин, Мюнхен, Ганновер, Вена, Брюссель, Барселонаға рейстер тоқтатылды.
Мұндай шешім Еуропа елдерінен ұшуға тыйым салынғанына байланысты қабылданды.
Компанияның ұшақтары Калининградқа ұшпайды, өйткені бағыт ЕО арқылы өтеді.