Тунис жағалауында 100-ден астам заңсыз мигрант құтқарылды
Жарияланды
Африка елдерінен келген мигранттар үрлемелі қайықпен Жерорта теңізінен Еуропаға өтуге тырысқан
Тунистегі Сфакс провинциясының жағасында 117 заңсыз мигрант құтқарылды.Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Тунис қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша Африка елдерінен 6 мен 37 жас аралығындағы заңсыз иммигранттар Жерорта теңізінен үрлемелі қайықпен Еуропаға өтпек болған.
Мигранттарды сот процедуралары үшін Каркана қаласындағы Сиди Юсуф портына апарды.
Жыл сайын мыңдаған мигранттар Африкадан Жерорта теңізі арқылы Еуропаға жетуге тырысады.