Ұлыбритания премьер-министрі Лондонда жасырын түрде үйленді

Жарияланды
Бұл елде үйлену тойлары тек 30 адамға шектелген

Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон Лондонда Кэрри Симондспен жасырын түрде үйленді. Бұл туралы Associated Press британдық басылымдарға сілтеме жасап хабарлады.

Mail On Sunday және The Sun ерлі-зайыптылар Вестминстер соборында үйленді деп жазды. Sun сонымен қатар Джонсонның қарамағындағылар оның жоспары туралы білмейтіндігін атап өтті.

Пандемия кезінде қойылған шектеулерге байланысты Ұлыбританияда үйлену тойлары 30 адамға шектелген.
 

Сондай-ақ оқыңыз