Жаңалықтар

Төлем карталары бойынша қандай банк көп кешбэк ұсынады?

Кешбэк – банк картасын белсенді түрде пайдаланғаныңыз үшін сізге айтылған алғыс

Наурыз айындағы есеп бойынша елімізде қолданылатын банк карталарының саны 51,5 млн-ға жеткен. Бұл әрине, рекордты көрсеткіш. Соның 27,5 миллионы белсенді қолданыста екен. Қазіргі таңда қаржы институттары жай ғана жалақы немесе жәрдемақы алуға негізделген ғана емес, сонымен қатар клиент тартатын, түрлі маркетингтік тәсілдерді арқау еткен карталарды да белсенді түрде шығара бастады. 

Қазір банктер өз клиенттеріне сатып алынған тауар көлеміне сай түрлі кешбэктер ұсынуды қолға алған. Кешбэк, ол – банк картасын белсенді түрде пайдаланғаныңыз үшін сізге айтылған алғыс. Яғни, кез-келген сауда орнында карта арқылы сауда жасағаныңыз үшін сатушы банк комиссиясын төлейді, тиісінше банк ол төлемді сізбен бөліседі. Ақша сіздің шотыңызға бонус күйінде түседі. Кешбэкті енгізудегі мақсат та қарапайым. Бұл клиенттің кез келген сауда түрінде картаны қолдануы үшін жасалған тәсіл. 

Кешбэк бойынша ең үздік ұсыныс Forte Bank-ке тиесілі екен. Мұнда бірден екі сүйікті категорияны қосуға болады және барлық сатып алулар бойынша кешбэк 15 пайызға жетеді. «Банк Центр Кредит» сүйікті категория есебінен 10 пайызға дейін кешбэк береді. «Еуразиялық банкте» картаның класына байланысты кешбэк мөлшері 4,5-5,5 пайыз аралығында. Тағы бес банкте серіктестік желілерінде максималды жоғары кешбэктер бар. 

Сонымен қатар банктер түрлі арнайы акциялар да ұйымдастырады. Аталған акцияларға қатысып, үстемеленген кешбэк алуға мүмкіндік бар. Мұндай үздік акцияларды әсіресе, Jusan Bank (25 пайызға дейін) пен «Сбербанк» (20 пайызға дейін) жүргізеді. 

«Максималды кешбэк  лимитін білу де – маңызды параметр. Үздік көрсеткіш – Forte Bank-ке тиесілі: айына 100 мың теңгеге дейін. Одан кейінгі орында Jusan Bank. Аталған банктен бір айда 35 мың теңгеге дейін алып, пайдалануға болады. Кешбэк бойынша 30 мың теңгеге дейін лимитті үш банк ұсынып отыр:  Halyk Bank, Kaspi Bank және «Еуразиялық банк» деп жазады ranking.kz. 

Ұлттық банк дерегі бойынша, 2020 жылы қазақстандықтар банк карталарымен жалпы сомасы 52 трлн теңге болатын 3,2 млрд операция жасаған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 1,7 есе көп еке