Жапонияда Токио Олимпиадасына қатысатын спортшыларға вакцина егу басталды
Жапонияда Токио Олимпиадасына қатысатын спортшыларға вакцина егу басталды, деп хабарлады Associated Press жапондық ҰОК-қа сілтеме жасап.
Комитет бірінші күні 200-ге жуық спортшыға коронавирусқа қарсы вакцина егілгенін мәлімдеді.
Бұған дейін ХОК басшысы Томас Бах Олимпиада басталғанға дейін Олимпиада ауылында тұратын жарысқа қатысушылардың кем дегенде 75% вакцинациядан өтеді деп айтқан болатын.
Хабарланғандай, Pfizer және BioNTech Токио Олимпиадасына тілек білдіргендерді иммундау үшін ХОК-қа өздерінің COVID-19 вакцинасының мөлшерін беретіндерін мәлімдеді.
Токиодағы Олимпиадалық және Паралимпиадалық ойындар 2020 жылдың жазында өтуі керек еді, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты оларды осы жылға қалдыруға тура келді. Нәтижесінде Олимпиада 23 шілде – 8 тамыз, Паралимпиада 24 тамыз – 5 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланған.