Жаңалықтар

Шымкент тұрғыны алаяққа 1,6 млн теңгеге алданды

Ол пәтер алуға көмек беремін деп сеніміне кірген

Шымкент тұрғыны алаяққа 1,6 млн теңгеге алданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби АПБ-ның «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында белгісіз адам Шымкент қаласы әкімдігіне қарасты тұрғын үй басқармасымен берілетін пәтерлерді алуға көмек беремін деп, алаяқтық жолмен сеніміне кіріп, 1 600 000 теңге ақшасын қолма-қол алып, осы күнге дейін қаржысын кері қайтармай, қашып жүргенін жазып көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби АПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.