Алаяқ әйел 23 адамды алдаған

Жарияланды
Ол тұрғындарға үй алып берем деп, 15 миллион теңге жымқырған

БҚО-да алаяқ әйел үй алып беремін деп, 23 адамды алдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты.

 Е. есімді алаяқ әйел 2020 жылдан бері үй алып беремін деген желеумен Орал, Алматы, Атырау қалаларының тұрғындарын алдап келген. Ол жалғыз емес, қасында сыбайласы болған. 

23 адамды алдаған әйелдің келтірілген залал мөлшері 15 миллион теңгеден астам. Оның тағы қанша адамды алдағаны тергеу барысында анықталатын болады. 
 

Сондай-ақ оқыңыз