Жаңалықтар

Әлемнің 173 миллионға жуық тұрғыны COVID-19 вирусын жұқтырды

Пандемия басталғаннан бері індеттен мерт болғандардың саны 3 721 660 адамға жетті

Әлемнің 173 миллионға жуық тұрғыны COVID-19 вирусын жұқтырды. Әлемде тіркелген КВИ-ді жұқтыру оқиғаларының жалпы саны 172 985 880 құрады. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Пандемия басталғаннан бері індеттен мерт болғандардың саны 3 721 660 адамға жетті. Инфекцияны 15 миллионнан астам тұрғыны жұқтырған, індеттен өлім саны көп тіркелген елдердің қатарында АҚШ, Үндістан және Бразилия бар.

Ресейде тәулігіне коронавирустық инфекцияны жұқтырудың 9 163 жаңа жағдайы анықталды. Олардың басым бөлігі: Мәскеуде 2 936 оқиға, Санкт-Петербургте 861 және Мәскеу облысында 773 оқиға тіркелген. Соңғы 24 сағат ішінде коронавирустық инфекцияға шалдыққан 351 науқас қайтыс болды, пандемия басталғаннан бері өлім саны 123 787 оқиғаны құрады.

Колумбияда COVID-19 көптеген адамның өмірін қиды. Бір тәулік ішінде  тіркелген өлім саны 532 оқиғаны құрады. Оңтүстік Америкадағы осы мемлекетте індеттен 91 422 адам мерт болды.Коронавирустың таралуына жол бермеу мақсатында халықты жаппай иммундау науқаны жүргізілуде.

Жалпылай алғанда, Колумбияда КВИ-ға қарсы вакцинаның дозасы  11 244 592 қолданылды. 3 402 937 адам вакцинациялаудың толық курсын алды.