Шри-Ланкадағы су тасқыны салдарынан кем дегенде 14 адам қаза тапты, тағы екеуі із-түзсіз жоғалып кетті.Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Табиғи апаттарды басқару орталығының хабарлауынша, су тасқыны 3 маусымда басталған нөсер жаңбырдан туындаған.
Су тасқыны салдарынан 800-ден астам үй бүлінді, 5 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз аймақтарға көшірілді. Бірқатар елді мекендермен көлік байланысы үзілді.
Жалпы, табиғи апаттан 245 мың адам зардап шекті.