Таиландта коронавирустық инфекцияға қарсы жаппай вакцинациялаудың басталғаны жарияланды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Мемлекетте, ең алдымен, Бангкок, Пхукет және оның маңындағы елді мекендердің тұрғындары егіледі. Елордадағы вакцинация орталықтарында күн сайын 70 мың адамға екпе салынады деп күтілуде. Болжам бойынша маусым айында елде иммундалған азаматтардың жалпы саны 6 млн-ға жетпек. Вакцинациялау науқаны жақсы нәтижелерді көрсеткен жағдайда, билік елге кірушілер үшін міндетті карантинді алып тастауға және екпе салдырған туристер үшін шектеулерді алып тастауға ниетті.