Словения коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында енгізілген шектеу шараларын жеңілдетуді жалғастыруда. Бұл елде бұқаралық жиналыстарға, үй-жайлардың жүктемесіне және саудаға қатысты бірнеше шектеулер алынып тасталды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.
Испания тұрғындары Сovid-19 қарсы екпені алғандығы туралы сандық сертификаттарды ала бастады. Бұл туралы Испанияның Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы сандық денсаулық сақтау, ақпарат және инновация жөніндегі бас хатшы Альфредо Гонсалес мәлімдеді.
Оның айтуынша, құжат ЕО-қа мүше басқа елдерге кіру рәсімін жеделдетуді көздейді. Аталмыш елдерде Испанияның сертификаттары 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Гонсалес Испанияның ЕО-қа мүше басқа мемлекеттерде берілген ұқсас сертификаттарды да мойындайтынын атап өтті.
Индонезия астанасында коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастар үшін жаңа изоляторлар пайда болады.
Ел астанасының губернаторы Аниес Басведан коронавирустық инфекцияға шалдыққан науқастарға арналған изоляторлардың санын көбейтті.
Джакартада үшеуінің орнына 29 изолятор пайда болды.
Губернатордың қаулысына сәйкес, Джакартада науқастарға арналған 29 орын және медицина қызметкерлеріне арналған алты арнайы орын қарастырылған. Ғимараттар жалпылай алғанда, 8 мыңнан астам науқасты қабылдай алады. Медициналық қызметкерлерге арналған үй-жайлар 835 адамға қызмет көрсете алады.