Үндістанның солтүстігінде жолаушылар автобусы жүк фургонымен соқтығысты. Апат салдарынан 17 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алды, деп хабарлайды Associated Press жергілікті полицияға сілтеме жасап.
Соқтығысқаннан кейін автобус аударылып, жарға құлап кетті, деп хабарлайды «Хабар 24».
Құтқарушылар мен жедел жәрдем дәрігерлері сол жерде жұмыс істеп, жарақат алған жолаушыларды сынықтардан шығарып алды.
Алдын ала ақпарат бойынша, автобус жүргізушісі жылдамдықты асырып, басқаруды жоғалтқан. Оқиға бойынша тергеу басталды.