Қор жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясына кепілдік береді

Жарияланды
ҚР заңнамасының талаптарына сәйкес кез-келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн

Қор жинақталған зейнетақы қаражатының құпиясына кепілдік береді. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады.  

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңның 57-бабының 3-тармағына сәйкес зейнетақы жинақтарының құпиясы зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға, салымшының (алушының) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес ресiмделген жазбаша келiсуi негiзiнде кез-келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.

Зейнетақы жинақтарының құпиясы зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын салымшыға, алушыға және салымшының (алушының) жазбаша келiсуi негiзiнде кез келген үшiншi адамға ашылуы мүмкiн.

Аталған Заңның 57-бабы 4-тармағының 8) тармақшасына сәйкес ЖЗШ-дағы ақша қалдықтары мен қозғалысы туралы анықтамалар салымшының (алушының) өкілдеріне нотариат куәландырған сенімхат немесе сот шешімі негізінде берілуі мүмкін.

Салымшы (алушы) қайтыс болған жағдайда оның зейнетақы шоты бойынша ақпарат мұрагерлерге жазбаша сұрау салу бойынша не соттарға, не нотариустарға және олардың жүргізуіндегі мұрагерлік істер бойынша шетелдік консулдық мекемелерге беріледі.

Сондай-ақ оқыңыз