Оңтүстік Корея билігі аймақтан вакциналанған туристер үшін карантин талаптарын алып тастамақ. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Қазіргі таңда Сингапур және Тайвань сияқты елдермен өзара топтық туристік сапарлар туралы келіссөздер жүргізілуде. Аталмыш мемлекеттер эпидемиологиялық ахуалы тұрақты елдердің қатарына кіреді. Үкіметтің мұндай әрекеті пандемиядан зардап шеккен әуе тасымалы мен туризм индустриясын қайта жандандыруға бағытталған. Сонымен қатар, коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы табысты күрес жүргізіліп жатқан Таиландпен, Гуаммен, содай-ақ, Сайпанмен келіссөздерді жүргізу басталады деп жоспарлануда.