Сальвадор әлемде бірінші болып биткоинді ресми валюта ретінде таныды

Жарияланды
Жақында елде биткоиндермен тіпті шағын дүкендерде де төлем жасауға болады

Сальвадор әлемдегі бірінші болып биткоинді ресми төлем құралы деп жариялады. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Конгресс көпшілік дауыспен президент Найиб Букеленің бастамасын қолдады.
Шешім 90 күннен кейін күшіне енеді. 2001 жылдан бастап елдегі жалғыз валюта АҚШ доллары болды.

Іс жүзінде, бұл елдегі кез-келген бизнес биткоиндерді өзінің тауарлары мен қызметтері үшін төлем ретінде қабылдауға міндетті болады дегенді білдіреді, тек операцияларды жүргізу үшін қажетті технологиялармен жабдықталмаған жағдайларды қоспағанда.

Букеле бұл қадамды жалпы ел үшін және банктік есепшоттары жоқ Сальвадорлықтардың 70% үшін тарихи сәт деп атады.

 «Бұл біздің еліміздегі қаржылық инклюзияға, инвестицияға, туризмге, инновацияға және экономикалық дамуға жол ашады», – деп жазды Сальвадор Президенті.

 

Сондай-ақ оқыңыз