Аргентина «Спутник V» өндірісін ұлғайтуды жоспарлап отыр

Жарияланды
Елде ресейлік вакцинаның 500 мың дозасы апта сайын шығарылады деп жоспарлануда

Канада вакцинацияның толық курсын өткен саяхатшылар үшін шекараны ашу процесін әзірлеуге дайын.Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Осының нәтижесінде екпенің екі компонентін салдырған азаматтар елге оралғаннан кейін міндетті екі апталық карантинге жатқызылмайтын болады.

Алғашқы жеңілдіктер COVІD-19-ға қарсы вакцинаның бір дозасын халықтың 75%, ал вакцинаның қос екпесін халықтың 20% қабылдаған жағдайда күшіне енеді. Қазіргі уақытта елге кіретін барлық канадалықтар өз есебінен төленетін қонақ үйде 14 күндік карантиннен өтуі керек.

Алдағы бірнеше күнде Аргентинада «Спутник V» коронавирустық инфекцияға қарсы ресейлік вакцинаның 500 мың дозасы апта сайын шығарылады деп жоспарлануда. Бұл туралы Аргентина Парламентінің депутаттар палатасындағы тыңдауда Richmond фармацевтикалық компаниясының президенті Марсело Рубен Фигейрас мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл мақсатқа Ресейдің вакцина өндіруге жоспарланған шикізатты жеткізуін аяқтаған кезде қол жеткізуге болады.

Кипр аумағында коронавирустық пандемияға қатысты  енгізілген шектеулер айтарлықтай жеңілдетілді. Аралда қызметкерлердің басым бөлігі кеңседегі жұмысына шыға алады.

Мұнда пандемия басталғаннан бері алғаш рет коменданттық сағат жойылғанын атап өту керек.
Сонымен қатар, елде соңғы 15 ай бойы жұмыс істемеген түнгі клубтар келушілер үшін есігін ашуда. Оларға кіру үшін келуші өзінің КВИ тасымалдаушысы емес екендігін растайтын арнайы рұқсатнаманы рәсімдеуі керек.

 

Сондай-ақ оқыңыз