Әлемде індетті жұқтырғандар саны 175 миллионнан асты

Жарияланды
Инфекцияны жұқтырудың ең көп саны АҚШ-та тіркелген - 34 264 727

Әлемде коронавирустық инфекцияны жұқтырудың саны 175 миллионнан асты. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.

Worldometers веб-сайтының жаңартылған мәліметтеріне сәйкес, қауіпті инфекцияны жұқтырғандардың саны 175 184 928-ге жетті.

COVID-19 инфекциясын жұқтырудың ең көп саны АҚШ-та тіркелген – 34 264 727.

Жұқпалы аурулар саны ең жоғары он елдің қатарына Үндістан (29 183 121), Бразилия (17 125 357), Франция (5 725 492), Түркия (5 306 690), Ресей (5 156 250), Ұлыбритания ( 4 535 754), Италия (4 237 790), Аргентина (4 038 528), Германия (3 715 870).

Жалпы, COVID-19 салдарынан әлемде 3 777 328 адам қайтыс болды. 

 

Сондай-ақ оқыңыз