Қытайдың орталық бөлігіндегі Хубэй провинциясында газдың жарылуынан кем дегенде 11 адам қаза тапты. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Үкімет өкілдерінің айтуынша, кем дегенде 11 адам қайтыс болды, тағы 37-сі ауыр жарақат алды.
Жалпы, зардап шеккендердің саны 144 адамға жетті, олардың барлығы ауруханаға жатқызылды.
Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Оқиғаның себебі әлі анықталған жоқ.