Ливия жағалауында 2 күнде 1000-нан астам заңсыз мигрант ұсталды
Жарияланды
Ливия Африкадан Еуропаға қоныс аударудың негізгі бағыттарының бірі
Соңғы 48 сағат ішінде Ливия жағалауында 1000-нан астам заңсыз мигрант ұсталды. Халықаралық көші-қон ұйымының (ХОҚ) өкілі Сафа Мсехли Twitter-де мәлімдеді. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
«Соңғы екі күнде Ливияның жағалау күзеті 1000-нан астам заңсыз мигранттың жолын кесті», – деп жазды ХОҚ өкілі Twitter-де егжей-тегжейлі мәлімет бермей.
Ливия Африкадан Еуропаға қоныс аударудың негізгі бағыттарының бірі болып қала береді.
Африкалықтар кедейшілік пен елдеріндегі қақтығыстардың салдарынан Еуропаға қашады.
БҰҰ мәліметтері бойынша, жыл басынан бері Жерорта теңізіне кем дегенде 632 заңсыз мигрант батып кеткен.