Атырау облысында жұмысшы әріптесін жүк көлігімен басып кетті

Жарияланды
Ер адам оқиға орнында қаза тапты

Атырау облысында жұмысшы әріптесін жүк көлігімен басып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz сайты. 

Теңіз кенішіндегі зауыттардың бірінің аймағында орналасқан үйілмелі топырақ қасында Shacman жүк тасымалдау автокөлігінің жүргізушісі қауіпсіздік ережелерін сақтамай, сол мекемеде жұмыс істейтін қызметкерді көлікпен басып өтті.

Ер адам оқиға орнында қаза тапқан.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 156-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
 

Сондай-ақ оқыңыз