Жаңалықтар

Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі індеттің үшінші толқыны туралы жариялады

Ош және Бішкек қалаларында аурудың жоғары деңгейі тіркелді

Қырғызстанда коронавирустың (COVID-19) эпидемиясының үшінші толқыны жүріп жатыр. Бұл туралы Қырғызстан денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Жалалидин Рахматуллаев мәлімдеді, деп хабарлайды Анадолу сайты.

Республикада COVID-19 эпидемиологиялық ахуалына сәйкес, пандемия басталғаннан бері коронавирустық инфекцияның екі толқыны болды – 2020 жылдың шілдесінде және қарашасында, ал бүгінде, өкінішке орай, үшінші толқын пайда болды», – деді ол. .

Коронавирусты жұқтыру жағдайларының көбеюі, вице-министрдің айтуынша, сәуір айынан бастап байқалады. Соңғы жеті күнде Ош және Бішкек қалаларында аурудың жоғары деңгейі тіркелді.