Оңтүстік Африка республикасы карантин талаптарын қатаңдатуда

Жарияланды
Елде вакцинация кампаниясы жүргізілгенімен, екпе алғандардың саны төмен деңгейде

АҚШ-та коронавирустық инфекцияларды жұқтыру деректерінің саны азаюда. Нью-Йорк штатында карантин шектеулерінің басым бөлігі алынды. Тек қоғамдық көліктер мен денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына қатысты санитариялық ережелер күшін жойған жоқ. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Қатаң карантин талаптары Нью-Йорк штатында ересек тұрғындардың 70% -ы кем дегенде, вакцинаның бір дозасын салдыртып үлгергендіктен алынып тасталды. Нью-Йорк штаты өткен жылы АҚШ-тағы инфекцияны жұқтыру деректері көп тіркелген пандемия ошақтарының бірі болған.

Оңтүстік Африка республикасы карантин талаптарын қатаңдатуда. Мемлекет билігі КВИ пандемиясының үшінші толқынына қарсы тұру мақсатында осындай амал қолдануда. Соңғы екі аптада инфекциялардың екі есеге өсуіне байланысты, ОАР комендаттық сағатты 22.00-ден 04.00-ге дейін ұзартып, алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салуда. Мейрамханалар мен дәмханалар комендаттық сағатқа дейін 1 сағат бұрын жабылуы тиіс. Ғимараттардың ішінде 50 адамнан, сыртта 100 адамнан асатын адамдардың топтарының жиналуына тыйым салынады. Елде вакцинация кампаниясы жүргізілгенімен, екпе алғандардың саны төмен деңгейде.
 

Сондай-ақ оқыңыз