Латвия азаматтары зейнетке 62 жастан шығады

Жарияланды
Зейнет жасына жетіп, зейнетке шықпауға да болады

Латвия азаматтары зейнетке 62 жастан шығады. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ баспасөз қызметі хабарлады. 

Алайда 2014 жылдан бастап ол жыл сайын 3 айға ұлғаюда және 2025 жылдың басынан бастап зейнеткерлік жас 65 жасқа жетеді. 

Латвияда 3 деңгейлі зейнетақы жүйесі жұмыс істейді: қорға жатпайтын мемлекеттік міндетті зейнетақымен қамсыздандыру, қорға жататын мемлекеттік қаржыландырылатын зейнетақы, жеке ерікті зейнетақы

Егер салымшының сақтандыру өтілі кемінде 30 жыл болса, онда ол жалпы зейнетақы жасынан екі жыл бұрын зейнетке шыға алады. 

Зейнет жасына жетіп, зейнетке шықпауға да болады. 

Зейнетақы мөлшері сақтандыру өтіліне, әлеуметтік сақтандыру жарналарына, сондай-ақ, адамның зейнетке шыққан жасына байланысты болады. 

Сондай-ақ оқыңыз