Швеция індетке қарсы вакцина алмаған адамдардың елге кіруіне тыйым салатын талаптың мерзімін ұзартты

Жарияланды
31 тамызға дейін

Жапонияда азаматтарды жұмыс және оқу орындарында COVID-19-ға қарсы  егу шаралары басталды. Бұл туралы ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК жұмысы туралы шұғыл ресми Telegram каналы хабарлады.

Елде университеттер мен жұмыс орындарында кәсіпорындардың қызметкерлерін вакцинациялауға арналған 3,4 мыңнан астам алаң тіркелген. Мемлекеттің министрлер кабинетінің Бас хатшысы Кацунобу Катоның айтуына қарағанда, мұндай стратегия Жапония халқын коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау қарқынын арттырады.

Қытайлық дәрігерлер коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялау науқаны басталғаннан бері ел тұрғындарына бір миллиардтан астам екпені салды. Бұл туралы ҚХР мемлекеттік гигиена және денсаулық сақтау жөніндегі комитетінен хабарланды.

 Швеция COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған адамдардың елге кіруіне тыйым салатын талаптың мерзімін ұзартты
Ел үкіметі ЕО мемлекеттерінен және Еуропалық экономикалық аймақтан Швецияға кіруге тыйым салатын талаптың күшінде болу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдады.

Бұл талап тек вакцинация сертификатын, ПТР зерттеудің теріс нәтижесі немесе антиденелердің болуы туралы куәлікті ұсынған адамдарға қойылмайды.

Шектеу мерзімінің ұзартылғандығы туралы талап  30 маусымда күшіне еніп, 31 тамызға дейін қолданыста болады. Дания, Финляндия, Исландия және Норвегия тұрғындарының ел аумағына кіруіне ешқандай шектеулер қойылған жоқ.

Сондай-ақ оқыңыз