ДДСҰ: Кедей елдерде індетке қарсы вакцина таусылды
COVAX (COVID-19 вакцинасына қол жеткізудің жаһандық қоры) бағдарламасы арқылы дамымаған елдерге берілген вакциналар таусылды. Бұл елдер халықты вакцинациялау процесін жалғастыра алмайды. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
BBC-дің хабарлауынша, бұл туралы ДДСҰ басшысының көмекшісі Брюс Эйлворд мәлімдеді.
Оның айтуынша, вакциналардың әлемнің барлық елдері арасында әділ таралуын қамтамасыз ету мақсатында COVAX іске қосылды. Бағдарлама бойынша 131 мемлекет 90 миллион доза алды, бірақ бұл көлем пандемиямен күресуге жеткіліксіз.
Осындай жағдай, Эйлвордтың айтуынша, 40-тан астам елде байқалады. Уганда, Зимбабве, Бангладеш, Тринидад және Табаго сияқты елдер қазірдің өзінде вакциналардың таусылғанын хабарлады.
Вакциналары таусылып жатқан елдер саны артуы мүмкін, деп ескертті Эйлворд.
ДДСҰ өкілі халықаралық қауымдастықты осы проблеманы шешуге күш салуға шақырды.
АҚШ президенті Джо Байден Америка Құрама Штаттары 55 миллион дозадан астам вакцина мөлшерінде мұқтаж елдерге гуманитарлық көмек көрсетуді жоспарлап отыр. Оның 41 миллионы COVAX бағдарламасы арқылы беріледі деп мәлімдеді.