Мәскеуде 500-ден астам адам қатысатын барлық іс-шараларға тыйым салынды
Жарияланды
Қала мэрі көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ұйымдастырушыларға QR кодтарын қолдануды ұсынды
Мәскеуде 500-ден астам адам қатысатын барлық іс-шараларға тыйым салынды. Бұл туралы interfax.ru сайты хабарлады.
Егер ұйымдастырушылар «коронавируссыз» аймақ құрып, іс-шараға тек QR кодтары бар қатысушыларды жіберсе, бұл шектеулер қолданылмайды.
Сонымен бірге, жаңа шектеулер 500 адамнан аспайтын концерттерге, спектакльдерге, фильм көрсетілімдеріне, ойын-сауық және спорттық шараларға әсер етпейді.
Осыған қарамастан, Мәскеу билігі ұйымдастырушыларға көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін QR кодтарын қолдануды ұсынды.