Кенияда әскери тікұшақ апатынан 17 сарбаз қаза тауып, алтауы ауруханаға түсті. Бұл туралы Анадолу сайты хабарлады.
Оқиға 24 маусым күні таңертең болды.
Тікұшақ Каджиадо ауданында жаттығу рейсінде болған.
Кения Қарулы Күштерінің Бас штабы тікұшақ құлау фактісін растады, бірақ қаза тапқандар туралы мәліметтер жария етілмеді.