Зейнетақыңызды дер кезінде рәсімдеңіз

Жарияланды
Төлемге өтінімді www.enpf.kz сайтында беруге болады

БЖЗҚ жалпыға белгіленген зейнет жасына толған адамдардың (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2021 жылдың 1 қаңтарынан – 60 жасқа толғанда), бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандардың Қордан міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан (МЗЖ, МКЗЖ) құралған жинақтары есебінен арнайы кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екендігін тағы да еске салады.Бұл туралы «БЖЗҚ» АҚ-ның ресми телеграм-арнасы хабарлады.

Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындауға өтініштер (мемлекеттік бюджеттен және БЖЗҚ-дан) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының (ХҚКО) бөлімшелеріне беріледі.

Зейнетақы жасына жеткен, зейнетақы жинақтары бар және оларды төлеуге өтініш білдірмеген тұлғалар бойынша БЖЗҚ 2021 жылдан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясымен мемлекеттік бюджеттен тағайындалған зейнетақы төлемдерінің (базалық және ортақ зейнетақы) болуына, сондай-ақ БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алуға проактивті қызмет көрсету үшін олардың телефон нөмірлерінің («Электрондық үкімет» веб-порталында мобильді азаматтар базасында тіркелген) болуына жыл сайын салыстырып тексеруді жүзеге асыра бастады.

Салыстырып тексеру нәтижелері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы алушының телефон нөміріне БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемін тағайындау бойынша проактивті қызмет көрсету ұсынысымен sms-хабарлама жібереді.

МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен зейнетақы жинақтарын алу үшін I және II топтағы мерзімсіз мүгедектігі бар азаматтар Қорға жүгінуі қажет. Төлемге өтінімді www.enpf.kz сайтындағы Жеке кабинеттегі «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» бөлімінде ЭЦҚ көмегімен беруге болады.

Сонымен қатар, құжаттарды ХҚКО-ға өтінішпен бірге зейнетақы алу құқығы басталғанға дейін 10 күн бұрын (яғни алушы зейнеткерлік жасқа жеткен күні) беруге болады.

Зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап тағайындалады және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстыру үшін түпнұсқасын, сондай-ақ, бюджеттен зейнетақымен бір мезгілде зейнетақы жинақтарынан төлемдер түсетін банк шоты туралы мәліметтерді ұсыну қажет.
 

Сондай-ақ оқыңыз