Лицензиясынан айырылған Capital Bank Kazakhstan-ның салымшылары не істеуі керек?

Жарияланды
Банк салымшылары қам жемесе болады

 Capital Bank Kazakhstan банк және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге берген лицензиядан айырылды. Бұл туралы Fingramota.kz мәлімдеді. 

Лицензиядан айыру күніне (24.06.2021) банк активтерінің мөлшері 38,5 млрд теңгені, несие портфелі – 33,9 млрд теңгені құрады, оның ішінде 30,4 млрд теңге немесе банктің несие портфелінің 89,8%-ы 90 күннен астам мерзімі өткен жұмыс істемейтін кредиттермен ұсынылған. Банктің өтімді активтерінің мөлшері 149 млн теңгені құрайды, бұл ретте орындалмаған клиенттік төлемдер көлемі 15 млрд теңгеден асады.

Банк салымшылары қам жемесе болады: олардың теңгемен және шетел валютасындағы депозиттеріне, сондай-ақ төлем карточкалары мен банктік шоттарындағы ақшасына «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (ҚДКҚ) кепілдік береді.

Сондай-ақ оқыңыз