Қытайда бір тәуліктің ішінде 20 миллион тұрғын вакцина салдырды
Жарияланды
Екпе алған азаматтардың жалпы саны 1,18 миллиардтан асқан
Қытай халқын иммундау аясында елде өткен тәулікте республиканың 20 млн-нан астам тұрғыны вакцинациядан өтті. Бұл туралы бүгін ҚХР гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады, деп жазды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
Комитеттің мәліметтеріне қарағанда, COVID-19-ға қарсы екпе алған азаматтардың жалпы саны 1,18 миллиардтан асқан.
Осылайша ҚХР-ның 31 әкімшілік бірлігінде коронавирустық инфекцияға қарсы 1 млрд 185 млн 787 мың екпе жасалды.
Қытай тұрғындары бүкіл әлемде жасалған вакциналар санының үштен бірінен астамын алды.