Оңтүстік Африка коронавирустың жаңа «Дельта» штаммын жұқтырған адамдар санының күрт өсуіне байланысты жаңа қатаң шектеулерді енгізді. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Республика президенті Сирил Рамафоса, елдің пандемияның үшінші толқынын өткеріп жатқанын айтты. Екі апта бойы кез-келген митингілер мен жиналыстарға тыйым салынған. Коменданттық сағаттың күші бір сағатқа ұзартылып, мейрамханалар тапсырыстарды тек қашықтан қабылдайды. Алкогольді ішімдіктің сатылымына тыйым салынған.