Банк пен қаржы

Досаев елімізде төлем карталары жүйесін құру қалай жүзеге асырылып жатқанын мәлімдеді

Министр ақша-кредит саясатының жайын баяндады

Ұлттық банк басшысы Е.Досаев мемлекет басшысы Қ.Тоқаевқа 2021 жылдың бірінші жартыжылдығындағы ақша-кредит саясатын іске асырудың алдын ала қорытындысы жөнінде есеп берді. Сондай-ақ Қазақстан экономикасының өсімін 3,6-3,9 пайыз деңгейде жақсарту және коронавирустың жаңа штамдарының салдарынан ел экономикасын қайта қалпына келтіруге кедергі болатын негізгі қауіп-қатерлер туралы баяндады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі. 

Президентке биылғы 6 айдағы инфляцияның 7,9 пайызға дейін жедел өсуі, ішкі азық-түлік нарықтарындағы теңгерімсіздік, сондай-ақ, сыртқы инфляциялық қысымның күшеюі және орталық банктердің ақша-кредит шарттарын қатаңдатуға көшу үрдісі жайында айтылды.

Сонымен қатар, Қазақстанның валюта нарығындағы ахуал, Ұлттық банктің алтын-валюта қоры мен Ұлттық қор активтерінің жай-күйі жөнінде ақпарат берілген.

Ерболат Досаев халық салымдарының тұрақты түрде долларсызданып келе жатқаны, экономиканың нақты секторын несиелеудің өсуі және қазақстандық банкаралық төлем карточкаларының жүйесін құру жоспарының жүзеге асырылуы туралы баяндаған.