Кәсіпкер ауылда үй салса, шығынының 50 пайызын мемлекет өтейді
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылдық елді мекендерде жалға берілетін үйлер салу бойынша жұмыс берушілердің шығынын субсидиялау қағидаларының жобасы әзірленді, деп хабарлайды ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.
Ережеге сәйкес, жұмыс беруші өз қаражаты есебінен тұрғын үй сала алады, оның 50% – ын үй пайдалануға берілгеннен кейін мемлекет жабады. Сонымен қатар, үйдің жалпы ауданы 100 шаршы метрден, ал 1 шаршы метрдің құны 100 мың теңгеден аспауы керек.
Жұмыс берушілер тұрғын үйді кемінде 5 жылға еңбек шарты жасалған өз қызметкерлеріне жалға беретін болады.
5 жылдан кейін жұмыс беруші қызметкерге тұрғын үйді республикалық бюджеттен төленген субсидия сомасы есепке алынбаған бағамен сата алады.
Қазақстандықтардың ауылда тұруға қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ ауылдық жерлерге білікті мамандарды тартуға мүмкіндік береді.