S&P 500 индексі жеті сессия қатарынан өсім көрсетті

Жарияланды
Жұма күнгі саудада рекорд жаңартты

S&P 500 индексі жеті сессия қатарынан өсім көрсетіп, жұма күнгі сауда-саттықта жаңа рекорд – 4352,34 тармақпен аяқтады, деп хабарлайды KASE.

Сонымен қатар Nasdaq та рекордтық 14639,32 деңгейінде жабылып, Dow Jones индексі 153 тармақ қосқан. 

 Жалақы және жұмыссыздық туралы жарияланған статистикалық есептер АҚШ экономикасының тұрақты қалпына келіп жатқанын байқатады. Алайда жұмыс орындарының көптеп ашылуы инфляцияны жоғарылату мен ынталандыру бағдарламасының тез қысқаруына қатысты алаңдаушылықты күшейту үшін жеткіліксіз: АҚШ экономикасында маусым айында 850 мың жұмыс орны ашылған.

Бұл болжамды 700 мың орыннан едәуір артық. Жалақы  да  сәл көбейіп, ал жұмыссыздық деңгейі күтпеген жерден 5,9 %-дан 5,8 %-ға дейін өсті.
 

Сондай-ақ оқыңыз